- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзбекстан әлемдегі ең...
Өзбекстан әлемдегі ең бақытсыз ел екені рас па?
Бірқатар ресурта "Өзбекстан әлемдегі ең бақытсыз ел болып танылды" деген ақпарат тарады. Алайда бұл - расталмаған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.
Хабарламада Global Mind Project агенттігінің сарапшылары 70-тен аса елде зерттеу жүргізгені айтылған. Респонденттер сауалнаманы толтырған, оның нәтижесі бойынша, халықтың жалпы бақыты мен психикалық тұрақтылығы бағаланған.
Нәтижесінде Өзбекстан, Ұлыбритания және Оңтүстік Африка ең бақытсыз елдер деп танылған. Ең бақытты елдер Доминикан Республикасы, Шри-Ланка және Танзания болды деседі.
Шынымен де осыған ұқсас сауалнама жүргізіліп, рейтиң жасалған. Дегенмен онда тақырып басқаша. Кейбір медиа Global Mind жобасы рейтиңінде Өзбекстанның психикалық денсаулық көрсеткіші ең нашар он елдің қатарына кіргенін жазды.
Нақтырақ айтқанда, психикалық сауықтыру есебі ауқымды Global Mind жобасының бөлігі болып саналады. Мұнда Sapien Labs жыл бойы үздіксіз жүргізілетін сауалнама деректерін пайдаланады.
Sapien Labs уеб-сайтында олардың бүкіл әлемдегі психикалық әл-ауқаттың дамуын бақылайтыны жазылған. Олар жобасы арқылы негізгі әлеуметтік-мәдени факторларды анықтайды. Бұл факторлар ұрпақтың құлдырауын белсенді түрде шешу үшін стратегияларды әзірлеуге көмектеседі. Оған қоса ұйымдарға, мектептер мен университеттерге психикалық әл-ауқатты өлшеуге және басқаруға мүмкіндік береді. Бұған олар алдын алу стратегиялары мен ресурстарды дұрыс бөлу арқылы қол жеткізеді.
Яғни бұл рейтингіде бақыт көрсеткіші емес, психикалық әл-ауқат қарастырылған. Оған қоса ол сауалнаманы кез келген адам толтыра алады. Сауалнамаға қатысқан адам өзін кез келген елдің тұрғыны етіп те тіркей алады, сол себепті бұл рейтинг де сенімді емес.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек