Өзбекстан, АҚШ боксшыларын жолда қалдырды: тағы кімдер Әлем кубогының жартылай финалына өтті?

Өзбекстан, АҚШ боксшыларын жолда қалдырды: тағы кімдер Әлем кубогының жартылай финалына өтті?
Фото: ҰОК

Гуйянда (Қытай) бокстан Әлем кубогы кезеңі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының бірнеше өкілі жартылай финалға жолдама алды.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді. Ол енді кем дегенде қола жүлде иеленеді.

Аида Әбікеева да жартылай финалға өтті. Екі дүркін әлем чемпионы, 65 келіде өнер көрсететін Аида Әбікеева ширек финалда АҚШ өкілі Марие Росендомен кездесті.

Отандасымыз 3 раундта да қарсыласынан қарағанда соққыларын дарыта біліп, 4:1 есебімен басым түсті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget