Өзбек әншісі Атхамбек Юлдашев Мақпал Жүнісоваға алтын білезік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Видеода "Мақпал апамыздың мерейтойына Атхамбек Юлдашев тортын, гүлін беріп, ыстық ықыласын білдіріп, алтын білезік сыйға тартып кетті" деп жазылған.
"Мені таныдыңыздар ма? Мақпал Жүнісова - аңыз адам. Қатты жақсы көремін, құрметтеймін. Мақпалды көргенде 150 жыл өмір сүрсін деймін. Оны қатты сыйлаймын, сондықтан бәрін тастап отбасымен келіп отырмын", - деді Атхамбек Юлдашев.
Мақпал Жүнісованың айтуынша, ол өзбек әншісін 10 жыл көрмеген.
Желі қолданушылары өзбек әншісінің ісіне тәнті болып, пікір қалдырған.
"Қандай керемеет, қазақ жасай алмайтын құрмет жасап жатыр!" "Жуырда ғана осы жігітті еске алып едім, сізді сыйлағаны, құрметіне қуанып отырмын, жарайсыз, әрдайым осылай ақ көңіліңіз өзіңіз үшін жақсылықпен қайтсын!" "Бар жақсы атаулының барлығы игілігіңізге болсын,сіздің ақ-көңіл пейіліңізге, Мақпал ханым!" - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!