Әр бала өзінше ерекше, бірақ кейбір балалар қатарластарынан озық шығып, мектеп бағдарламасын ерте меңгеріп алады. Егер балаңыз вундеркинд болса, оны келесі сыныпқа ауыстырудың заңды жолдары бар. Massaget.kz бұл мәселені тереңірек зерттеп, маңызды мәліметтерді ұсынады.
Егер бала қабілетті болса, ол келесі сыныпқа көше алады. Ол Қазақстанда экстернат нысанында оқу арқылы жүзеге асады. Бұл процесс ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №61 бұйрығы негізінде реттеледі.
"Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің нормаларына сәйкес экстернат нысанында оқуға 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін рұқсат беріледі", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің Massaget.kz сұрауына берген жауабында.
Ресми жауапта экстернат нысанында оқу құқығы мынадай жағдайларда берілетіні айтылған:
Оқушы бірден сынып аттап кетпейді, ол бір оқу жылында екі сыныптың бағдарламасын оқиды.
"Қағидалардың талаптарына сәйкес, білім алушы бір оқу жылында екі сыныптың оқу бағдарламаларын меңгереді. Ағымдық, қорытынды аттестаттау нысаны мен мерзімдерін білім беру ұйымының басшысы дербес белгілейді", - деді Оқу-ағарту министрлігінде.
Д.А.Қонаев атындағы 1 №қазақ орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мира Әбдінұрқызы мектепте арнайы комиссия құрылатынын айтты.
"Оқушының ата-анасы Еgov арқылы өтініш бергеннен кейін ол мектептің базасына түседі. Содан кейін арнайы комиссия құрылады. Мысалы, оқушы 5-сыныпты оқып жүріп, 6-сыныпты аттап кетіп, бірден 7-сыныпқа көшкісі келсе, ол 5-сыныптың да, 6-сыныптың да бағдарламаларын толық меңгеруі тиіс. Бала өзінің күнделікті сабақтарына қатысады және үйден өздігінен келесі сыныптың сабақтарына дайындалады. Оған арнайы мұғалім бөлінбейді. Бірақ сабақ үстінде мұғалім оған келесі сыныптың есептерін беруі мүмкін. Кейін комиссия БЖБ, ТЖБ нәтижелерін тексереді және қорытынды тестілеу жұмыстарын алады, содан өткеннен кейін ғана бір сынып аттап кете алады. Егер бала шынымен де қабілетті болса, барлық бағдарламаны меңгеріп тұрса, әрине, оны келесі сыныпқа ауыстырады", - деді Мира Әбдінұрқызы.
Барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағаларға оқыған білім алушылар негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін оқу жылы басталғанға дейін 20 күннен кешіктірмей өтініш беруі тиіс. Өтініш беру Еgov порталы арқылы жүзеге асырылады.
Қандай мақсатта экстернат нысанында оқуына байланысты қажетті құжаттар тізімі де әртүрлі болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметінше, қазіргі уақытта ел бойынша экстернат нысанында 46 оқушы білім алады екен. Бұл жүйе ерекше қабілетті балаларға өз мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!