Кейінгі кезде белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова қыз ұзату тойларынан жиі көрініп жүр. Ол той видеоларын Instagram-парақшасында үнемі жариялап отырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әншінің сөзінше, биыл ұзатуға тапсырыс көп түскен.
"Мен үшін биылғы тренд - ұзату той. Графигімнің 50 пайызы - ұзатушки. Ұнайды өзіме қатты… Әдемі ғой қыз ұзату той…" - деп жазған әнші Желіде.
Желі қолданушыларының басым бөлігі әншінің өзі де ұзатылатын қыздан кем емесін жеткізген.
"Өзіңіз ұзатылып жатқандайсыз. Әр қыздың бағы жансын. Өзіңізге де Алла бір ханшайым бұйырсын", "Әдемі, бірақ қалыңдықтан асып кеткен дұрыс емес", "Не деген нәзіктік", "Аққулар сияқты", "Өзі ұзатылатындай ғой", - деп жазған пікір білдірушілер.