- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өз үйіңнің басқа...
"Өз үйіңнің басқа жерде екенін сезіну қиын". Абай Бегейдің келіні ерекше жазба арнады
Әнші Абай Бегейдің келіні Бадинұр Аңсат әлеуметтік желідегі парақшасында төркініне ерекше жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, төркініне тойға алғаш рет келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Алғаш рет төркініме деп келген тойым. Қызық сезім. Есейгенімді осы кезде түсінгендеймін. "Қызым неше күн боласың? Қасымызда болып кетсей" дегенді естігенде өз үйіңнің басқа жерде екенін сезіну қиын екен. Қыз баласының өніп өскен жерін тастап,басқа әулетке сіңісіп, сол әулетті "отбасым" деп,үйін "өз Отаным" деп қабылдауы ерлік деп білемін. Әйелді тек әйел түсінетін шығар. Алланың мейірімі мен махаббатынан жаралған нәзік жандар төзімді болады ғой, шіркін. Барлық дүниенің қайыры бар. Өз отбасыңнан кетіп, жеке өзіңнің отбасыңды құрайсың. Жеке мемлекетке айналасың. Аллаға шүкір, еркелеп келіп кететін төркінімнің, алаңдап жүретін ата-анамның,қолдайтын бауырларымның барына. Төркініме тек осылай тойда,қуанышта келу бұйырсын", - деп жазды ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы