- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- есірткі қылмысы туралы
Өз үйінде қарасора өсірген адам ұсталды
Рудныйда өз пәтерінде қарасора өсірген ер адамның жерасты зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары балконда термоматериалмен қапталған жылыжай тапты. Ішінде каннабис тектес өсімдік өсіретін үш құмыра, үш электр фитолампасы, электр сорғыш және желдеткіші болған. Сонымен қатар асүйдегі үстелде zip-пакеттерінде каннабис тұқымы сақталған қорап табылған.
"Сараптама тәркіленген заттың салмағы 1,3 келіден асатын каннабис өсімдігі екенін растады. Медициналық куәландыру күдіктіні ұстау кезінде каннабиоидты қолданудың іздері анықталғанын көрсетті", - деп жазылған хабарламада.
Құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі бойынша Рудный тұрғынына қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Кінәлі екені дәлелденген жағдайда, ол қылмыстық жазаға тартылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова