- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзі ұрып өлтіріп,...
Өзі ұрып өлтіріп, полицияға шағымданған. Ақмола облысында ер адам қамауға алынды
Ақмола облысында азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірген ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
20 шілдеде таңғы сағат 9-да Бурабай АПБ Полиция бөліміне Щучинск тұрғынынан қоңырау түскен. Ер адам өзі тұратын жалдамалы пәтерде әйел қайтыс болғанын айтқан. Прокуратура мен полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адам тұрған пәтерден оның 49 жастағы азаматтық некедегі жұбайын өлі тапқан.
Алдын ала тергеу барысында ер адамның әйелдің өліміне қатысы бары туралы бұлтартпайтын дәлелдер жиналған.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға алдында марқұм мен күдікті арасында жанжал туындаған. Сот-медициналық сараптама нәтижелеріне сәйкес, өлім себебі - мидың ісінуі, жабық бас сүйек-ми жарақаты.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша соталды тергеуді басталған. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Ж. Қадыржанова