- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзі шешсін": Хиджабпен...
"Өзі шешсін": Хиджабпен көзге түскен Жұлдыз Абдукаримованың орамалға келгені рас па?
Тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова орамалмен көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Караван" медиа порталына сілтеме жасап.
Актрисаның оқырмандары оған аталған образ жарасқанымен, қазақтың көйлегіне еш нәрсе жетпейтінін айтты. Жұлдыздың өзі көпшілікті келіп жеткен Рамазан айымен құттықтады.
"Айлардың сұлтаны Рамазан келді. Төзім мег сабырға, ораза мен намаздан жаңылмауға, құлақ, көз, ауыз, жүректі иманға байлауға, ақыретке кепіл болуға Жаратқан нәсіп етсін. Ниетті жан, оразаңыз қабыл болсын", - деп жазды ол.
Актрисаның оқырмандарының бірі оған бұл образ жарасытынын айтып, орамалға келуін сұраса, енді бірі хиджабқа бүркенбеуін өтінген.
"Жарасымды, онда тұрған не бар?!", "Оразаңыз қабыл болсын, сізге жарасады екен", "Қазақша көйлек кисең ғой", "Орамал несіне тақтыңыз", "Сіз де орамалға келдіңіз бе, Рамазан айы ғой, еш ғайбаттамай-ақ қояйық, өзі шешсін" деп жазды олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина