Түркістан облысында құдыққа құлаған қызға қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
otyrar.kz мәліметінше, Түлкібас ауданында құдыққа түскен 29 жастағы қыз көз жұмған. Оқиға Майтөбе ауылының маңында болған.
Құтқарушыларға бүгін сағат 09.18-де 1994 жылы дүниеге келген тұрғын ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы ақпарат түскен. Құдықтың тереңдігі шамамен 40 метр болған.
Облыстық ТЖД мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсау мақсатында құдыққа түскен және мас болған. Бұл туралы құтқарушыларға қыздың қасында болған куәгер айтқан.
Сағат 12.06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіп, 12.14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алған.
Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.
Алайда жедел жәрдем қызметінің бригадасы сағат 12.15-те қыз қайтыс болғанын анықтады.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 29 жастағы қыз құдыққа құлап кеткені хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!