Танымал әнші Динара Сұлтан бір ай бұрын 14 жыл отасқан күйеуімен заңды некесін қиған еді. Өнер иесі өзінен 17 жас үлкен күйеуін туған күнімен құттықтап, ерекше жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Бүгін - жігітімнің туған күні. Айтатыным, шексіз сүйемін. Нағыз ер - Ерлан! Менің тірегім, жүрегім, бір сөзбен айтқанда, арман жігіт қой. Өз-өзімнен қызғанамын. Аман жүр, жаным. "Это было любовь" әнін кезінде Еркеш Шәкеев бізге арнап жазған", - дейді ол.
Желі қолданушылары Динара Сұлтанның жолдасып құттықтап, тілек тілеген.
"Бақытты болыңыздар", Берекелі, мерекелі жас болсын!" Туған күні құтты болсын! Әрқашан денсаулығы зор болсын, бақытты болыңыздар бірге!", - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін Динара Сұлтан жолдасымен 14 жылдан кейін ғана некелесуінің себебін түсіндірген еді. Ерлі-зайыпты бұл қадамға алты бала дүниеге келген соң ғана баруды шешкен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!