- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өз-өзіме сенімділігімді арттырды"....
"Өз-өзіме сенімділігімді арттырды". Демеу Жадыраев алғаш рет жұбайы туралы айтты
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алғаш рет жұбайы туралы Sport+ Qazaqstan youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы жұбайымен тойда танысқан.
"Жауапкершілігі өте жоғары қыз әрі сүйкімді болды. Сол себептен өзіне ғашық қылды. Шаңырақ көтердік, қазіргі уақытта бірге тұрып жатырмыз. Қиын сәтте қолдау білдіреді, мықты мотивация береді. Тура ағайыммен (бапкеріммен) салыстырамын. Кейде ағайымның кейбір сөздерін айтып қалады. Бұл нәрсені өзіне де айтамын. Өз-өзіме деген сенімділігімді арттырды десем де болады. Алғысымды білдіремін оған. Екеуміз спорт академиясында бірге оқыдық. Тойда таныстық. Спорт саласына қатысы жоқ, туризм саласының маманы", - деді ол.
Оның айтуынша, жеңіс тұғырынан көрінуге келіншегінің мотивациясы да себепші болған.
"Моя булочка" деп еркелетемін. Жалпы жұбайымды қандай жылы сөздер бар болса, соның бәрін айтамын. Қолдан келгенше еркелетуге тырысамыз. Осының алдында дұрыс көңіл бөле алмай жүрдік. Қазір дұрыстап көңіл бөлеміз. Ол да түсінеді, біледі. Дайындыққа кеткенде, мазаламайды. Айлап үйде болмаймын, соған көнеді. "Ештеңе ойлама, алаңдама, жаттығуыңды жаса", - деп сенім білдіреді. Сол үшін үйге алаңдамайсың. Олимпиаданың алдында да мықты мотивация берді. Соның нәтижесі деп ойлаймын", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы