Қуандық Бишімбаев сот отырысында оқиға болған күні неге пышақ ұстап жүргенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"...Мен ол көз жұмғанын түсіндім. Жедел жәрдем келді. Жансақтау шараларын істей бастады. Мен есеңгіреп қалдым. Асүйге барып, пышақ алдым. Бір ғана ой болды: өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым. Кейін полиция келді. Мән-жай осылай болды",- деді Бишімбаев.
Сот 14.30-ға дейін үзіліс жасады.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында қылмыс болған жерде жұмыс істеген қызметкер куәгер ретінде жауап беріп, Бишімбаев сол күні қолына пышақ ұстап жүргенін көргенін мәлімдеді.
"Сағат 19.00 шамасында Байжанов телефоныма хабарласып, BAU мейрамханасына көтерілуімді сұрады. Не үшін екенін білмеймін. "Тез көтеріл" деді. Мен бірден сол жаққа бардым. Лифтке кірсем, жедел жәрдем болды. Қуандық Уәлиханұлы қолына пышақ ұстап жүрді. Ол дәретхана жаққа пышақпен кіріп кетті. Біз қатты қорқып кеттік, артынан ердік. Одан пышақты алып, полиция келгенше күттік. 15-20 минутта полиция келді", - деді бармен.
Оның сөзінше, Бишімбаевты көрген кезде қасында тек Байжанов болған.
"Бишімбаев ештеңе айтпады. Сасқалақтап тұрды. Жылап тұрды. "Не үшін істедім, не болды?" деді. Кейін өлім болғанын білдік. Қарсыласпады (пышақты алғанда - еск.). Мас еді. Ол "мен өлтірдім бе?" деп сұрады. Ол өз-өзіне қол жұмсағысы келген шығар (пышақты ұстаудағы мақсаты - еск.). Ол дәретханаға жалғыз кіріп, жауып алды. Біз суицид жасай ма деп қорқып кірдік. Пышақты алып алған кезде асханаға басқа пышақ алу үшін жүгіріп кетті. Қан, ештеңе болмады", - деді бармен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз