- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзі қосылып кетті"....
"Өзі қосылып кетті". Депутат Самат Мұсабаев мәжілістегілерді күлдірді
Депутат Самат Мұсабаев мәжілістегілерді күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев депутаттардың сұрағына жауап бергеннен кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Самат Мұсабаев сұрақ қояды деп ойлап қалған.
"Депутат Мұсабаев Самат екінші рет сұрақ қояды", - деді Ерлан Қошанов.
Депутат микрофон байқаусызда қосылып кеткенін айтқан.
"Сұрақ жоқ, өзі қосылып кетті", - дейді депутат.
Бұл жағдай Мәжіліс депутаттарын күлдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина