Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары өзіне сыйға тартылған жылқыларды көріп, оларға қалай күтім жасалып жатқанын бақылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы осыдан бір жыл бұрын ақ боз ақалтеке құлынын Ақжан деп атаған еді.
"Бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады. Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтарымыз да бар", - деп атап өтті Тоқаев.
Президент кейде жылқыларға өзі келіп, жем-шөбін беретінін айтты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Instagram-дағы ресми парақшасында бірнеше сурет жарияланды.
Президент жылқының қасиетін дәріптеп, ат спортын дамытуға айрықша мән беруіміз керегін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!