Танымал блогер, көптеген мұқтаж жанның баспаналы болуына көмектескен Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында қазір демалыста екенін, ешкімге көмектеспейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы уақытқа дейін көптеген жанға көмек қолын созып жүрген блогер оқырмандары "Сіз кімдерге көмектесер едіңіз?" деп сұраған. Сәйкесінше Ырысбала Икрамбай бұл сұраққа: "Көппен бірге кімдерге көмектестік бәрі әлеуметтік желіде тұр. "Адам қайғысыз болмас, қайғысыз болса адам болмас" деген. Қазір мен ешкімге көмектесіп жатқан жоқпын. Өз қайғым өзіме жетеді. Қазір демалыстамын", - деп жауап берген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз