Астанада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды.
Ел бойынша осы додаға қатысуға 150-ден астам өтініш келіп түскен. Байқау комиссиясы «Үздік темір ұстасы», «Үздік электрші», «Үздік технолог» секілді 10 номинация бойынша 20 жеңімпазды іріктеді. Жүзден жүйрік танылған мамандар осылайша бүгін бас қалаға жиналды. Байқаудың міндеті – жұмысшылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру. Шара Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының мұрындық болуымен өтуде.
Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары: - Осындай жұмысшы мамандықтарын игеруге жастарды жетелейді деп ойлаймыз.
Дәулет Егембердиев, «Өз кәсібінің үздігі» байқауының лауреаты: - Біріншіден, өз жұмысын, өз мамандығын сүю керек. Одан өзінің еңбегінің жемісін жұмысында көрсете білу керек.
Дереккөз: 24.kz