Шымкенттік блогер құрбысының тойында оған бір бөлмелі пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео блогер Айя Әжібектің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Ол студент кезінде танысқан құрбысына тойға сыйлық ретінде баспананың кілтін табыстады. Айтуынша, құрбысы әрдайым жанында болып, қиын кезеңдерде қолғабыс еткен.
Блогер алдымен қызық үшін құрбысы мен күйеуіне түйе жүнінен тігілген шұлық, 10 мың теңге қолма-қол ақша, бір қорап шай, шемішке, жылдам дайындалатын кеспе, желдеткіш, алтын білезік сыйлады. Сондай-ақ, құрбысы мен жұбайының екі анасына алтын жүзік тақты.
"Құрбыма тойында 1 бөлмелі пәтер сыйладым. Иә, бұл менің жан құрбым, құрбымнан ешнәрсе аямаймын. Одан бөлек, бір жасар қызына 1,5 миллиондық оригинал Cartie брендінен білезік сыйладым. Кезінде екеуіміз Алматының Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде таныстық. Әсел - мен үшін әлемнің ешбір байлығына жетпейтін қымбат жан, алланың сыйы. Менің тіпті бір дана футболка алуға ақшам болмаған кезде, өзіндегі ең әдемі киімін берді. Барар жерім, басар тауым болмағанда мені өз панасына қуана-қуана алды. Қолындағы 500 теңгесінің соңғы тиынына дейін менімен бөлісті. Ата-анамның махаббаты жетіспеген кезде, сол қуысты өзінің ыстық көңілімен толтыра алды. Күйеуіммен ажырасып, өз жұртым маған "кет" дегенде, "маған келші" деп өзінде паналатқан жан құрбым мен оның отбасы. Кезіндегі әлсіз, жүрегі жаралы Айяны көрген, ешкім маған сенбесе де, өзінің сенімімен қолдау берген жан құрбым! Әлемнің қай жерінде жүрсем де, менің періштерім бар екенін білемін. Ол - Әсел. Әсел мен үшін жай ғана құрбы емес, ол - жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Әрқашан маған қолдау, демеу болған мұндай жаннан ештеңені аямаймын. Барымды беруге дайынмын. Бүгінгі сүндет тойында 1 бөлмелі пәтер сыйладым", - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 200 миллион теңге жұмсалған сүндет той жұртты шулатқаны хабарланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!