- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өз жасынан кіші...
Өз жасынан кіші көрінгісі келетін әйелдерге 3 кеңес
Көпшілік әйел жасы ұлғая келе қартаюды қалай баяулатуға және жас көрінуге болатынын ойлай бастайды. Кей процестерді баяулату мүмкін емес, бірақ сырт келбетті құтқаруға болады. Стилист Мелисса Лунд сізге көмектесетін 3 кеңес ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Express-ке сілтеме жасап.
Шашқа мән беріңіз
Стилистің айтуынша, 50 жастан асқан әйелдер шашының түсіне мән беру керек. Сіздің ақ шашыңыз бар болуы, сары шашты немесе қара шашты болуыңыз мүмкін. Сізді тартымды ететін қулықтар бар.
"Егер сіз ақ шашыңызды жасыру үшін шашыңызды бояйтын болсаңыз немесе қара шашты болсаңыз, жас көріну үшін біртүсті бояудан гөрі балаяжды таңдаған дұрыс.
Егер ақ шашты бояғыңыз келмесе, дұрыс шаш үлгісін таңдау керек. Сондай-ақ жақсы макияж бен стильді гардероб қажет, әйтпесе өзіңізге 10 жас қосып алуыңыз мүмкін", - дейді стилист.
Макияж жасаңыз
Сұлулығыңызды қалай айқындауға, ал кемшіліктеріңізді қалай жасыруға болатынын біліңіз. Көпшілік макияждың күшін бағаламайды. Алайда жасын жасырғысы келетін әйел үшін ол "сиқырлы таяқша" бола алады. Бастысы, жас ерекшелігіне арналған макияждың дұрыс теникасын білу маңызды.
"Заманауи өнімдер мен техникаларды қалай қолдану керегін біліп жүріңіз. Мастер-кластарға барыңыз", - деп кеңес берді стилист.
Дене сымбаттылығын қалыпта ұстаңыз және дене мүсініне күтім жасаңыз
Маман әйелдерге дене пішінін сақтауға кеңес берді. Әрине, жылдам арықтау немесе салмақ қосуды ойламаңыз. Бастысы, өзіңізді қалыпта ұстаңыз. Бұл дене мүсініне де қатысты. Иығыңыз төменге салбырап кетпеу керек.
"Омыртқаның бүкірейіп кетуі және иықтың төменге салбырап кетуі сізді бірден қартайтып көрсетеді. Сондықтан пилатес, йога немесе биге барыңыз. Олар дене мүсінін жақсартуға көмектеседі", - дейді стилист.
Оқи отырыңыз: Мидың да жынысы болатынын білдіңіз бе? Өзіңіздікін тексеріп көріңіз!
А. Жапатова