- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өз ханзадамды күттім"....
"Өз ханзадамды күттім". Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуімен қалай танысқанын айтты
Фото:
Instagram
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуімен қалай танысқанын айтты. Ол бұл туралы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, болашақ жұбайымен сауда үйінде танысқан.
"Көшеде таныстым. Менің кім екенімді білмеді. Бір сауда үйінде "сәлеметсіз бе, қаліңіз қалай?" деді. Танымады. Бәрі тез болды. Сәуірде таныстық. Маусымда неке қидық. Екі-үш айдан кейін бала көтердім. Екеуміз барып, некемізді қидық. Армандайтынмын. Әйел әрқашан бақытын күтеді. Мен де өз ханзадамды, бақытымды күттім. Дайын болдым", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова