- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өз еліңе арзанға...
"Өз еліңе арзанға сатсаңшы". Танымал актриса отандық өнімнің бағасына наразы болды
Актриса Дариға Бадықова отандық өнімдердің қымбат екеніне наразылық білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса Дариға Бадықова Instagram-парақшасында отандық өнімдер халыққа қолжетімді емес екенін айтты.
"Мысалы, отандық өнімнің бәрі қымбат. Отандық өнімді жарнамалаңызшы дейді. Бағасы қымбат қой десең, өзіміз тігеміз дейді. Басқа елде өздері тікпей ме екен деймін. Сол отандық өнімді өзімізде көбі кие алмайды, себебі қымбат. Ақша салатын әмиян 20 мыңнан басталады. Бұл - таза былғары, сондықтан бағасы осындай дейді. Басқа жақта да былғары. Тез көтерілу үшін әлемге бренд етіп таныту үшін, өз еліңе арзанға сатсаңшы деймін. Аяқкиімдерді айтпасам да түсінікті. Германияда немістер шығаратын іші-сырты былғары етікті 10 мың теңгеге алдым. Олар да өздері тігеді. Енді олар мықты ғой деген сылтау айтады", - дейді Дариға Бадықова.
Одан басқа актриса үй жөндеу қызметіне де шағымданды.
"Үйге жөндеу жұмысын жасататын болсаң, өзіміздікілер бағаны еселеп айтады. Ақшасына келісесің, кейін істегендерін міндет қылады, тегінге істетіп жүргендей боласың. Мына жер былай болу керек еді десең, енді олай-бұлай деп тағы сылтау айтады. Ал өзбектер ешқандай әуреге салмайды. Тамақ, жататын орнын сұрасаң, уайымдамаңыз дейді. Бір қап күрішпен келіп, жұмысты қырып-жойып кетеді", - дейді актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек