Көпшілік адам демалыс күндерді сериал қарап өткізеді немесе бұл күндері барынша көп шаруа бітіруге тырысады. Осылайша олар өз денсаулықтарына пайдалы болатын нәрселерге уақыт бөлмейді. Егер жұмыс күндерін энергияға толы және жақсы көңіл күймен бастағыңыз келсе, демалыс күндері мына нәрселерге көңіл бөліңіз.
1. Демалыс күндері жұмыс күндері оянатын уақытта тұрыңыз
Демалыс күндері ұйқыны қандырғыңыз келуі мүмкін, алайда оятқышты сөндіріп, түске дейін ұйықтап, режимді бұзбаған жөн. Оның орнына жұмыс күндері қай уақытта тұрасыз, сол уақытта оянуға тырысыңыз. Біріншіден, ерте тұрсаңыз біраз шаруаңыз бітеді және осылайша ағзаны нақты ұйқы режиміне үйретесіз. Ұйқы режимін сақтайтын адамдар әдетте сергек болып оянады және күйзеліспен сирек қиналады.
2. Әлеуметтік желілерден демалыңыз
Демалыс күндерді ұялы телефон қарап өткізу – жақсы идея емес. Әсіресе, оны жұмыспен байланысты чаттарды қараумен өткізу зиян. Мұндай әдет шаршаңқылыққа әкеледі, өнімділігіңізді азайтады және мұндайдан соң жаңа жұмыс күні жұмысқа барғыңыз келмейтін болады. Сізге жұмысыңыз бітпейтіндей, күнде бір нәрсені жасай беретіндей көрінеді. Сондықтан демалыс күндері әлеуметтік желілерден және жұмысыңыздан демалыңыз. Бұл күйзеліс деңгейін түсіруге, өзіңізді демалғандай сезінуге және өзіңізге қамқор болуға уақыт табуға көмектеседі.
3. Өзіңізді қозғалуға мәжбүрлеңіз
Серуендеуге шығыңыз, жүгіріп қайтыңыз немесе велосипедпен қаланы аралаңыз. Сондай-ақ үйдің ішінде ырғақты ән қосып қойып, жаттығулар жасауға болады. Белсенді дене – белсенді ақыл-ой. Физикалық белсенділік әрқашан денсаулықты сақтаудың кілті болып қалады.
4. Адамдармен араласыңыз
Өзіңізге жақын әрі қымбат жандарға – отбасыңызға және достарыңызға уақыт бөлу маңызды. Жұмыс күндері адамдардан шаршап, демалыс күндерді жалғыз өткізгіңіз келуі мүмкін. Алайда жақын адамдарыңыз жайлы ұмытпау маңызды. Оған қоса, олармен уақыт өткізу сіздің денсаулығыңызға пайдалы. Жақын адамдарыңызбен сөйлескеннен жағымды эмоциялар аласыз, күлесіз, олармен қызықты нәрселерді талқылайсыз. Мұның барлығы әлемді позитивті етіп көруге көмектеседі және сіздің эмоционалдық жағдайығыңызға жағымды әсер етеді.
5. Ойлануға уақыт табыңыз
Ойлану бізге ары қарай өсуге көмектеседі. Сондықтан негізі оған күнде уақыт бөліп тұру керек. Алайда әдетте жұмыс күндері босаңсуға, асықпай ойлануға, мақсат қоюға уақыт пен мүмкіндік бола бермейді. Ендеше, демалыс күні оған міндетті түрде уақыт бөліңіз. Бұл бір жағынан сізге медитация ретінде әсер етеді.
Тыныш жерде қалып, сізді соңғы кездері не мазалап жүргенін ойланыңыз. Мақсаттарыңыз жайлы ойлаңыз. Сондай-ақ өткен аптада сізді ерекше қуантқан және жағымды эмоция сыйлаған ең болмағанда 10 жағдайды еске алыңыз.
Оқи отырыңыз: Өз-өзіңізге абьюзер екеніңізді көрсететін 7 белгі