- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өз бөлімшесіне ауысқан...
"Өз бөлімшесіне ауысқан қызметкерден пара алған": Абай облысында лауазымды полицей жауапқа тартылады
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Антикор Абай облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің қарамағындағылар арқылы аудандық қызметкерден өз бөлімшесіне ауысқаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді.
"Барлық лауазымды тұлға пара алу дерегі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 20 мамырда облыс прокуратурасы қылмыстық істі сотқа берді", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес Антикор өзге ақпаратты жарияламады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова