- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өз ауласында есірткі...
Өз ауласында есірткі еккен қызылордалық сотталды
Жылыжайда есірткі еккен қызылордалық 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сот өз ауласындағы есірткі еккен Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шиелі ауданында үй ауласына 59 түп сора өсімдігін еккен 57 жастағы аудан тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің жасаған іс-әрекеттері толығымен дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Сотталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан