- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзі 93 млн...
"Өзі 93 млн тұрады, жөндеу жұмысына 50 млн кетті". Актер Қайрат Әділгерейдің жаңа үйі таңғалдырды
Танымал дубляж актері, әзілкеш Қайрат Әділгерей жаңа үйінің бағасын айтты. Бұл туралы өнер иесі Жұлдызды шаңырақта бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үйдің дизайнері, актердің жұбайы, әнші – Бақыт Тұрманова. Актердің айтуынша, жаңа үйге жуырда көшіп келген.
"Бұл үйге көшіп келгенімізге бір ай толды. Бұрын 55 шаршы метрлі екі бөлмеде тұрдық. Содан кейін осы төрт бөлмелі үйге көштік. 160 шаршы метр болады. Үйдің жөндеу жұмыстарына бес айға жуық уақыт кетті. Сол аралықта пәтерден пәтерге көшіп жүрдік", – дейді актер.
Болашақта жер үй салып, құда күткісі келетінін де айтып қалды.
"Ұлым 16-ға толады. 5-6 жылдан кейін құда күтетініміз анық. Соған дейін жер үй салуды ойлап жүрмін. Өзіміз де әкемізден қалған үйде тұрып жатқанымыз жоқ. Балаларымыз да біздің үйде тұрмай, бөлек жоспар құрса қарсы болмаймыз. Келіншегіміз екеумізге 3-4 бөлмелі жер үй жарайды", – дейді Қайрат Әділгерей.
Өнер иесінің айтуынша жаңа қонысы өте қымбат ықшам ауданда орналасқан.
"Әл-фарабидің жоғары жағынан алдық. Өте қымбат жер. Біз тұрғын үй кешені салынып жатқанда алып қойдық. Осы жылдың наурыз айында пайдалануға берілгенде таза әрлеуде алдық. Ал дизайнын өзіміз жасадық. Біз көшкен жылы көрші тұрғын үй кешені салынып жатты. Ол терезеден көрінетін тауды жауып тастады. Үйіміз сегізінші қабатта тұр еді, "он екінші қабатқа көтерейікші" дегенімізде: "25 миллион теңге төлеп кез-келген қабаттан ала беріңіздер", – деді, сонда әр қабатқа 5 миллион теңгеден қосып тұр. Өте көп шығын кеткесін, ол соманы тауып бере алмадық. Осы қабатқа да қанағат. Бұл үйдің нақты бағасы – 93 миллион теңге. Жөндеу жұмысына 50 миллион теңге кетті", – дейді актердің жұбайы Бақыт Тұрманова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы