- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ойыл ауданында комиссия...
Ойыл ауданында комиссия су тасқынынан келген залалды бағалауға кірісті
Фото:
"Астана" телеарнасы
Комиссия Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалауға кірісті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы үйлер мен аула аумақтарын тексеріп жатыр.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, елді мекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған", - деп жазды ведомство өкілдері.
Еске салайық, өңір басшылығы Қобда ауданы Қобда ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қажет көмек көрсету бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек