"Ойдан өсек құрап, елді шулатып жүргендерге таңым бар": Гүлзира Айдарбекова желі қолданушыларына ескерту жасады

"Ойдан өсек құрап, елді шулатып жүргендерге таңым бар": Гүлзира Айдарбекова желі қолданушыларына ескерту жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Қайрат Нұртасқа қатысты "хайп жасап жүргендерге" шүйлікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тас түскен жеріне ауыр. Аллаға шүкір, ең бастысы балам аман, шүкір, шүкір! Менің өмірімнің бір бөлшегі сырым мен мұңымды, қуанышымды күнделікті бөлісіп отыратын өздеріңізсіздер. Бірақ басқа парақшалардың админдарына таңым бар, түрлі суретіңді қойып, өздеріне салып, хайп жасап, оқырманын көбейту үшін білгендерін жасап отырған, ол аздай өз адамдары астына коммент жазып, ойдан өсек құрап, елді шулатып. …Не болып барамыз, соған сеніп ары қарай өсек өрбітетін қаншама адамдар бар. Бірігудің орнына бір-біріміздің етімізді жеп, мазақ еткенде "Сенде тұрсың, менде тұрмын кезекте" демекші, түсініп жақсылық тілеушілер жетерлік шүкір, ал күнделікті өсектеп, жығылдың ба деген мысқыл қуанышымен бөлісе алмай күндес тұтқандар, Алланың шеберлігін ұмытпасаңыздар екен! Бәлкім мына өлең шумақтарын оқып пенде екендеріңіз еске түсер. Ерінбей мән беріп оқып шығыңызшы. 

Теңеген таланттарын Көк пен Жерге.
Айтайын бүгін енді өкпемді елге.
Өнерін қазағымның өркендетіп,
Өзеуреп жармасамыз өскендерге.
Көршісінің қызығып қоразына,
Құмармыз шені менен шекпендерге.
Бірлігің болмаса елім бір күндері,
Зарығып жете алмайсың ескен желге.
Кəнден иттей шəуілдеп жүгірмейік,
Ел үшін еселі еңбек еткендерге.
Абай мен Біржан салда соққы көріп,
Мұң менен назын айтқан көшпенді елге.
Барыңды бағалашы байтақ елім,
Сен дегенде тимейді өкшем жерге.
Алладан шыныменен жарлық келсе,
Жұлдызда ағып түсер Көктен жерге!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Айта кетейік, Қайрат Нұртас ұшақта танысымен сөзге келіп, артынша төбелесіп, 15 күнге қамауға алынған болатын.

"Бәрі тойдан басталды": Қайрат Нұртасқа қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz