- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оятқышты кейінге қалдыру...
Оятқышты кейінге қалдыру зиян екені анықталды
Ғалымдардың айтуынша, тағы 10 минут ұйықтауға шешім қабылдаған сайын ұйқыңызды бұзып қана қоймай, денсаулығыңызға да зиян келтіресіз, - деп хабарлайды Doctorpiter.
Ұйқыдан оянғаннан кейін төсектен бірден сергек болып тұратын адамдар аз. Тағы 10-15 минут ұйықтасаңыз, өзіңізді сәл жақсы сезінесіз деген ой қалыптасуы мүмкін.
Шын мәнінде, ғалымдар мұндай зиянсыз көрінетін әдет жүрек-тамыр жүйесі және қант диабеті ауруларына тап болу ықтималдығын арттыратынын айтады.
Мұндай қорытындыны АҚШ-тың Нотр-Дам университетінің ғалымдары жасады. Мамандар 450 адам қатысқан зерттеу жұмысын жүргізді. Ұйқыдан бірден тұрып кететіндерге қарағанда, ұйқыдан тұруды кейінге шегеретіндердің жүрек соғу жиілігі үнемі жоғары болады.
Зерттеу жетекшісі Стивен Мэттингли бұл әсердің неге байланысты екенін түсіндірді. Өйткені оятқыш қоңыраулары арасындағы ұйқы мазасыздықпен бірге жүреді, бәрібір ұйықтауға қорқасыз. Нәтижесінде мұндай әдет түрлі ауруларға әкелуі мүмкін.
Ғалымдар қанша адам оятқыш қоңырауын кейінге қалдыратынын да анықтады. Тәжірибеге қатысушылардың 57 пайызы мұндай әдетті күнде жасайтынын мойындады. Бір қызығы, әйелдер мұны ерлерге қарағанда 12 пайызға жиі жасайды.
Оятқышты қайта қою тек ерік-жігердің болмауына байланысты емес. Шынында, мұны ұйқының инерциясына байланысты жасайсыз: бұл оянғаннан кейінгі күй, адам өзін әлсіз сезініп, ұйқысы келеді. Сондықтан ол көрпе астында қалуды ойлайды.
Бірақ ұйқы инерциясымен күресу керек. Ұйқыдан толық оянбай, бірден тұрған кезде қалыпты ұйқы циклі аяқталмайды. Бұл оятқыштың бірнеше қоңырауы арасында ұйықтау сергек етпейді дегенді білдіреді. Сонымен қатар, мұндай оянудан кейін ұйқының инерциясы ұзақ уақытқа созылады, өзіңізді шаршаңқы сезінесіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек