Отызға жуық қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

Кейінгі екі жылда ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша 120-дан аса қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соның ішінде 13-і трансұлттық қылмыстық топтарға қатысты. Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптары бойынша 600-ден аса қылмыскер жауапкершілікке тартылды.

Халықаралық іздестіруде болған ұйымдасқан қылмыстық топтардың 27 мүшесі, яғни "қылмыс әлемінің беделділері" ұсталған.

Жақын шет елдерден келген алты "заңдағы ұрының" Қазақстан аумағында болуының алды алынды.

Бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасаған 160 қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылған. Бопсалау деректері бойынша барлығы 1300-ден аса қылмыстық іс қозғалды. 400-ден астам адам саудасымен байланысты қылмыстар анықталды.

"Министрлік ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресті жалғастырады және бұл бағытта нақты шаралар қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!