Өтте тас түзілуіне әкеп соқтыратын 8 зиян әдет

Өтте тас түзілуіне әкеп соқтыратын 8 зиян әдет
Фото: elements.envato.com

Өкінішке қарай, өтте тастың түзілуі жиі кездесетін мәселе. Өтте тас түзілуіне дұрыс тамақтанбау, зиян тағамдарды көп тұтыну секілді зиян әдеттер әсер етеді. Бұдан бөлек, генетикалық бейімділік, жыныс, жүктілік, семіздік, төмен деңгейдегі физикалық белсенділік, от жолдарының аурулары да фактор бола алады.

Massaget.kz тілшісі өтте тас пайда болуына қандай тағамдарды жеу ықпал ететінін анықтап көрді.

Холестерин деңгейінің жоғары болуы

Құрамында холестерині көп тағамдарды үнемі тұтыну өтте тас түзілуі қаупін арттырады, өйткені өт холестерин мөлшерінің барлығын еріте алмайды. Ал ерімей, өтте қалған холестериндер уақыт өте ұйып, тасқа айналуы мүмкін. 

Сонымен қатар, жануарлардан алынатын май, майлы ет пен сүт өнімдері де холестерин деңгейін жоғарылатады. 

Салқын тіскебасар мен десерттер

Балмұздақ пен мұз қосылған сусындар, тоңазытқышта сақталған тіскебасарлар, мұздатылған десерттер өт тастарының пайда болу қаупін арттырады.

Жоғары калориялы тағам

Гамбургер, хот-дог, қуырылған тағам сияқты фастфуд өнімдері, тәтті десерт пен торт тез секілді көмірсуға бай барлық тағамдар, сондай-ақ құрамында қанты бар газдалған сусындар жоғары калориялы тағамдарға жатады, олар өтте тас түзілуінің бірден-бір себебі.

Артық салмақ

Қарапайым көмірсу мен майлы тағамдарды көп тұтыну семіздікке әкеп соқтырады, ал артық салмақ ағзадағы холестерин деңгейін жоғарылатады. Оған қоса, семіздіктен зардап шегетін адамдарда жиі кездесетін зат алмасу жұмысының бұзылуы да аурудың дамуына әсер етеді.

Талшыққа бай тағамдарды аз жеу

Егер сіздің ас мәзіріңізде майлы және қантты тағам көп болып, керісінше, жеміс пен көкөніс аз болса, бұл да өтте тас пайда болуына әсерін тигізетін қауіп фактор бола алады. Талшық өт қышқылы мен кальцийдің еркін айналымына көмектеседі. Талшықтың жеткілікті мөлшері ас қорытуды реттеп, тастың пайда болуының алдын алады.

Майлы тағамдар

Майлы, қуырылған тағамдарды көп жегеннен оксалат тастары пайда болады. Май өзі кальцийдің сіңуін қиындатып, салдарынан оксалаттар жиналып, тас түзіледі. 

Тіскебасарлар

Таңғы, түскі және кешкі асқа қарағанда тіскебасарды жиі жесеңіз, ал олар қуырылған немесе тәтті болса, өтте жиналатын май мен холестерин деңгейін жоғарылатып, тас түзілу қаупі артады.

Алкоголь

Алкогольдің көп мөлшері өт секрециясының төмендеуіне және оның құрамының өзгеруіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Майлы, салқын, жоғары калориялы тағамдарды мейлінше шектеу және алкогольді қалыпты мөлшерде тұтыну арқылы өтте тас пайда болу қаупін азайтуға болады. Ал салауатты өмір салтын ұстану және теңдестірілген тамақтану түрі өт қабының саулығын сақтауға және өтте тас түзілуінің алдын алуға көмектеседі.

Айта кетейік, бұған дейін өт қызметін дәрісіз жақсартудың жолдары хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ашытылған қырыққабаттың қандай пайдасы бар?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә