Бала кезімде жұмыс істеп, киіктің етін жегемін. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір басшысы балалық шағын есіне алды.
"Қазір киіктің етін жеп көрмедім. Алайда бала кезім есімде, яғни Кеңес үкіметінде жеп көрдік. Біз бригадада жұмыс істедік. Енді 9-сыныпта , трактордың артында отырып, жұмыс істедік. Сол кезде асханада бізге арнайы киіктің етін берді. Бала кезімде соны жеп көрдім. Қазір ауланған киіктердің (етін) жеп көрген жоқпын. Өтірік айтпайын", - деді БҚО әкімі.
Экология министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 11 мың киік атылған.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!