- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Той өткізуге несие...
Той өткізуге несие беру қаншалық дұрыс? Агенттік өкілі жауап берді
Қазір тойға несие алатындар көп. Сенат кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов осы мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеунік банктің ішкі қызметіне араласуға болмайтынын жеткізді. Яғни агенттік қаржы ұйымына несиенің белгілі бір түрлерін беруге тыйым сала алмайды.
"Қазір қарыз алушының төлем мерзімі өткен несиелері болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарына осы адамдарға тағы несие беруге тыйым салатын заңнамалық нормалар пысықталып жатыр. Осы ретте уақытша қаржылай қиындықтарға тап болған адамдардың қарыз жүктемесінің өсуін шектей аламыз. Бірақ несиенің нақты түрлерін шектеуге құқығымыз жоқ. Бұл - банктің ішкі саясаты, оған араласа алмаймыз", - деді Қизатов.
Еске салайық, бұған дейін 2000-нан аса адамның банкроттыққа берген өтініші мақұлданғаны хабарланған еді.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова