Жақында ғана отбасымен Түркияда демалып келген Ерке Есмахан тыңдармандарына ақшалай сыйлық жасап қуантты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркияда күйеуі Райм мен кішкентай ұлы Исламмен бірге түскен видеосын жариялаған танымал әнші видеоға пікір жазған оқырмандарына ақшалай сыйлық дайындап қойғанын жазды.
"Сәулелі сәттерім үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын! Әйел, ана бақытын аңсап, күтіп жүрген әрбір жанға жұғысты болсын! Әдемі демалысымыз үшін алғыс. Комментте 3 рет 5k бар!" - деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Өткенге өкінбе, болашақты болжама, осы шақты бағала", "Махаббаттың бар екенін дәлелдеген жұп", "Бәрі әйелдің қолында дейтіндерге таң қалам, ер адам сүйіп қолдаса қандай күшті отбасы болады ғой" деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!