Өткен жылы халықтың көңілінен қандай туындылар шықты?

Өнер мен мәдениет саласы үшін 2024 жыл жарқын туындылар мен таңғажайып оқиғаларға толы болды. Massaget.kz тілшісі биыл халық сұранысына ие болған кинотуындылар мен қойылым тізімдерін жинақтады. Бірге шолу жасап көрейік. 

Жылдың ең көп касса жинаған фильмі

Головоломка 2 (Ойжұмбақ 2) - мультфильмі 2024 жылдың ең кассалы кинотуындысы болды. Дисней мен Пиксар ұсынған туынды тарихтағы ең көп табыс әкелген анимациялық фильм болды. Мультфильм әлемдік прокатта 1,462 миллиард доллар жинады. "Головоломка" Диснейдің Frozen 2 (Холодное сердце 2)  анимациялық блокбастерін басып озып, барлық уақыттағы ең көп табыс әкелген фильмдердің жаһандық рейтингінде 13-орынға көтерілді.

сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда "Головоломка 2" мультфильмі 2024 жылдың 13 маусымында көрерменге жол тартты. Алты апталық жалға алу қорытындысы бойынша жоба 1,5 млрд теңгеден астам (3,5 млн АҚШ долларынан астам) табыс жинады. Ал қазақ тіліне дубляждалған "Ойжұмбақ 2" фильмі 131 миллион теңгеден астам қаржы жинады. Бұл - прокатқа шыққан бірінші күнгі кассалық кірістер бойынша абсолютті рекорд. 

Қазақстандықтар ең көп барған фильм 

Кино көрермендер арасында биыл ең көп сұраныста болған фильм - "Пейіш". "Жұмақ ананың табанының астында" атты қырғызстандық фильм. Бұл тізімді Тикетон сайты ұсынды. Бұл фильмнің Қазақстандағы көрсетілімінің өзі екі аптада 1 миллиард теңгеден асты. 

сурет: kino.kz

Екінші орында - "Моана 2" мультфильмі тұр. Үздік үштікті "Кунг-Фу Панда 4" анимациялық фильмі жалғайды. Төртінші орында - "Жездуха" фильмі және соңғы болып тізімді "Заманback" фильмі қорытындылайды. 

Жылдың ең көп билет сатылған қойылымы

Тикетон сайты биыл ең көп билет сатылған театр спектакльдерін жариялады. Тізімде Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының "Махаббат, қызық мол жылдар" қойылымы көш бастап тұр. Бұл қойылым жыл бойы көрермендер тарапынан көп сұранысқа ие болып, билеттері тез сатылып, үнемі аншлагпен өткен қойылым ретінде танылды. 

сурет: instagram.com/musrepov_teatry

Екінші орында - Астанадағы Музыкалық жас көрермендер театрының "Гауһартас" қойылымы. Үшінші болып Мүсірепов театрының "Болмаған балалық шақ" спектакльі тізімді жалғады. Ары қарай, Astana Ballet театрының "Щелкунчик" қойылымы төрттікке кірді. Соңғы болып, Разия Хасанова атындағы театрдың "Любовница" қойылымы үздік бестікті қорытындылады. 

Жылдың ең көп адам жинаған спорттық іс-шарасы

Биыл өнер әлемімен қатар спорттық жиындар да ел аузында болды. Қазақстан көптеген спорттық шараларда бой көрсетіп, жанкүйерлерді қуантты. Тикетон биыл ең көп адам жинаған спорттық іс-шаралар тізімін ұсынды. Топ басын Қазақстан-Норвегия матчы бастады. Сайт жариялаған тізімге сенсек, биыл Алматыда өткен Қазақстан-Норвегия арасындағы матч ең көп адам жинаған. 

сурет: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Ары қарай, Ақтөбе қаласында өткен "Ақтөбе" ФК мен "Қайсар" ФК арасындағы матч тізімді жалғады. Үздік үштікті Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткен "Қайрат" ФК мен "Ақтөбе" ФК арасындағы футбол матчы қорытындылады. 

Жылдың ең көп тыңдалған әуені 

Spotify музыкалық платформасы ұсынған дерекке сенсек, американдық әнші, актриса Сабрина Карпентердің - Espresso әні жылдың үздік әні атанды.

сурет: instagram.com/sabrinacarpenter

Екінші орында Бенсон Бунның - Beautiful Sings әні. Ал үздік үштікті танымал әнші Билли Айлиштің BIRDS OF A FEATHER әні қорытындылайды. 

Жылдың үздік TikTok креаторы

TikTok платформасы 2024 жылды қорытындылап, осы жыл ішінде платформада өзін айқын көрсете білген және мазмұн жасаудағы бірегей көзқарасының арқасында ерекше көзге түскен креаторлардың есімдерін жариялайды. Тізімде музыкант Adam (Фарух Тохтамуров) парақшасы көш бастады. @adam__official - атмосфералық әндері Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де TikTok қауымдастығын жаулап алған өнерпаз ретінде жеңімпаз деп танылды. 

сурет: instagram.com/adamofficia1

Ары қарай әнші Садраддин номинант атанды. Оның TikTok платформасындағы @sad.raddin парақшасы TikTok-та биыл кең аудиторияны қамтыды. Одан кейін @bekes_miras - көшедегі сауалнамалар, конкурстар және көңілді контент арқылы аудиторияны тартатын ойын-сауық шебері ретінде тізімді жалғады. Төртінші болып @crazyparaaa – парақшасы биыл белсенді болып, отбасылық контент ұсынған үздік номинант қатарына енді. Номинанттар тізімін @dasha_dolli қорытындылайды. Даша Скворцова өзінің сюжетімен баурап алатын фантастикалық скетчтер түсірген контентімен ел жадында қалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!