Өтке пайдалы топ-3 шөптік дәрі

Өтті айдайтын емдік шөптер үй жағдайында ем жасауға қауіпсіз. Дегенмен оны аса сақтықпен және өз тәртібімен пайдалану керек. Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында өтке пайдалы шөптік дәрілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, мына 3 шөптік дәрі өтке өте пайдалы:

  1. Алатікен;
  2. Бөрікгүл;
  3. Бақбақ гүлі.

"Бұлардың барлығы - өттің дұрыс бөлінуіне және оның өтімізде дұрыс сақталуына септігін тигізетін шөптік дәрілер", - деді дәрігер.

Өтке тас байланудан қалай сақтану керек?

  • Уақытымен құнарлы тағамдармен тамақтану;
  • Асқазанды аптасына бір күн болса да демалдыру;
  • Салмақты қалыпты жағдайда ұстаңыз. Семіздік пен артық салмақтан өтке тас жиналу қаупі жиірек орын алады.
  • Салмақты тез жинауға немесе тез тастауға тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өтке тез тас жиналады.

Дертке кімдер бейім келеді?

  • Негізі өтке тас байлану ерлерге қарағанда әйел адамдарда көп кездесетін көрінеді;
  • Гармондық препараттарды көп қолданғанда;
  • Тұқым қуалайды;
  • Қант диабетімен ауыратындарда;
  • Бауыр циррозымен ауыратын науқастарда;
  • Аз қимыл-қозғалыстағы жандар.

Ескерту: кез келген дәрілік препараттар мен емдік шөптерді ішпес бұрын өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Оқи отырыңыз: "Майлы тамақты көп жеу, өт қабына тас байлану". Панкреонекроз ауруы жайлы не білу керек?