- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өтке пайдалы топ-3...
Өтке пайдалы топ-3 шөптік дәрі
Фото:
pixabay.com
Өтті айдайтын емдік шөптер үй жағдайында ем жасауға қауіпсіз. Дегенмен оны аса сақтықпен және өз тәртібімен пайдалану керек. Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында өтке пайдалы шөптік дәрілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, мына 3 шөптік дәрі өтке өте пайдалы:
- Алатікен;
- Бөрікгүл;
- Бақбақ гүлі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұлардың барлығы - өттің дұрыс бөлінуіне және оның өтімізде дұрыс сақталуына септігін тигізетін шөптік дәрілер", - деді дәрігер.
Өтке тас байланудан қалай сақтану керек?
- Уақытымен құнарлы тағамдармен тамақтану;
- Асқазанды аптасына бір күн болса да демалдыру;
- Салмақты қалыпты жағдайда ұстаңыз. Семіздік пен артық салмақтан өтке тас жиналу қаупі жиірек орын алады.
- Салмақты тез жинауға немесе тез тастауға тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өтке тез тас жиналады.
Дертке кімдер бейім келеді?
- Негізі өтке тас байлану ерлерге қарағанда әйел адамдарда көп кездесетін көрінеді;
- Гармондық препараттарды көп қолданғанда;
- Тұқым қуалайды;
- Қант диабетімен ауыратындарда;
- Бауыр циррозымен ауыратын науқастарда;
- Аз қимыл-қозғалыстағы жандар.
Ескерту: кез келген дәрілік препараттар мен емдік шөптерді ішпес бұрын өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
А. Жапатова