- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте сирек кездесетін...
"Өте сирек кездесетін жағдай". Алматы тұрғынына жасанды жамбас қойылды
Науқас Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде ауыр жағдайда түскен. Шамамен 10 жыл бұрын ол қалалық клиникалардың бірінде цементсіз фиксацияның жамбас буынын эндопротездеуден өткен. Бірақ жарақат салдарынан протез кіші жамбасқа өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
№7 ККА ұсақ жарақат бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеротің айтуынша, жарақат салдарынан протез ацетабулумның түбін тесіп, кіші жамбасқа қатты зақым келтірген. Науқас жансақтауға жатқызылыпты.
"Бұл өте сирек кездеседі. Екі кезеңнен тұратын операция туралы шешім қабылданды. Травматолог-ортопедтер мен анестезиолог-реаниматологтардың топтық жұмысының арқасында екі кезеңдік күрделі операция сәтті өтті", - дейді Рамазан Әскеров.
Науқас 3 күннен кейін арбаға сүйеніп, жүретіндей жағдайға жеткен.
"Бұл - жоғары технологиялық операциялар, біз буынды жасанды түрге ауыстырамыз, ол көп жылдар бойы жұмыс істейді және адамның ауруға дейінгі буынының толық аналогы. Бұл операциялар барлық клиникада жасалмайды, аурухананың арнайы жабдықталуы мен мамандарды даярлауды қажет етеді", - деп қорытындылады Рамазан Әскеров.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова