Сирек кездесетін дертке шалдыққан бір жасар балаға ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бір жасар қыздың анасы Алматы қаласындағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтарына жүгінген.
Аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, диагнозды тексеру үшін қуыққа ультрадыбыстық зерттеу, цистография жасалған. Зерттеу нәтижесінде балада урахустың толық емделмегені анықталыпты.
"Урахус - несепағар, ол әдетте эмбриондық кезеңде ғана болады және қуықтың жоғарғы бөлігін кіндікбаумен байланыстырады. Жатырішілік кезеңнің шамамен 5-7 айында ол бітеледі. Алайда белгілі бір жағдайларда түтік қабаттаспайды, нәтижесінде оның ауытқулары пайда болады. Бұл - жатырішілік кезеңдегі облитерация процесінің бұзылуымен байланысты өте сирек кездесетін туа біткен патология. Хирургиядағы 30 жылдан аса тәжірибемде мен осындай 3 жағдайды ғана кездестірдім", - деп түсіндірді №2 МКАД хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев.
Құрамында тәжірибелі хирургтары мен анестезиологтары бар топ 30 минут ішінде несеп шығару жолын алып тастап, баланы осы аномалиядан біржола құтқарған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!