- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте пысық, берекелі...
"Өте пысық, берекелі келін". Аeka Posh екінші рет "Сырғалым" атанды
Әлеуметтік желіде Аeka Posh атымен танылған танымал блогер Айым Алтынбекова екінші рет тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Аллаға Шүкір! Барлық жазып жатқан ыстық ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Сырғалым атанып, ұядан ұшқан күнім. Әрбір қыз баласына өз теңін тауып, өз бақытына қол жеткізуін тілеймін", - деп жазды ол желіде.
Оның айтуынша, үш жасында құлағына операция жасалғандықтан сырға таға алмайды екен. Сондықтан сырғаның орнына брендтен білезік тағынған ол "Сырғалым атанды.
"Аллаға Шүкір, “Сырғалым” атандым", - деп жазған Аeka Posh парақшасында жақсы жаңалығын жариялады.
Блогердің оқырмандары оның бақытына ортақтасып, жылы тілегін жаудырып жатыр.
"Өте пысық, берекелі келін боларыңызға сенімдімін", "Бақытты болуға лайықсыз", "Бақыттың бағында балқып-шалқып өмір сүрші. Әрбір ару бақытты болуы үшін жаралған" деген жылы пікірлерді көптеп кездестіруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева