- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте қуаныштымын!" Баян...
"Өте қуаныштымын!" Баян Мақсатқызы экс-жұбайының бостандыққа шығуына пікір білдірді
Актриса және телепродюсер Баян Мақсатқызы соттың оның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың бостандыққа шығуы туралы өтінішін қанағаттандыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық шоу бизнес өкілі ол үшін 2022 жыл айтулы оқиғаларға толы болғанын атап өтті.
"Немерем өмірге келді, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмім әлемді шарлап жүр, менің қазіргі жұбайыма қатысты әділдік орнады. Ал бүгін сот бұрынғы күйеуім Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырғаны белгілі болды. Бір ай бұрын оның өтініші бойынша оның бостандыққа шығуына қарсы емес екенімді айтып, қол қойған болатынмын, сот менің өтінішімді қанағаттандырды және ол аз уақытта бостандыққа шығады. Мен өте қуаныштымын, оған денсаулық және бар жақсылықты тілеймін! Өзім үшін, отбасым үшін, балаларым мен немерелерім үшін! Құдайға шүкір!", - деп жазды Баян Мақсатқызы.
View this post on Instagram
Еске салайық, бүгін Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны белгілі болған еді.
С. Сатыбалдина