АҚШ-тың Луизиана штатында алып қолтырауын серуенге шыққан туристердің қайығына секірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz Whiskeyriff сайтына сілтеме жасап.
Қолтырауынның қайыққа шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалған. Қайықта отырған адамдар жануардан қатты қорқатындарын атап өтті.
"Қорқынышты. Өте қорқынышты!" — дейді олар қолтырауынды еш қобалжымай суға қайта итеріп жіберген қайық иесінің ерлігіне таңғалып.
Туристер жергілікті тұрғындар үшін жыртқыш бауырымен жорғалаушылардың кездесуі қалыпты екенін атап өтті, мысалы, Оңтүстік Каролинада жолды кесіп өтіп бара жатқан бұғымен кездесу сияқты. Бірақ дайындығы жоқ адамдар үшін қолтырауынмен мұндай кенеттен кездесу жүрек талмасымен аяқталуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!