- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте керемет жұп"....
"Өте керемет жұп". Желіде Жазира Байырбекованың қолына гүл ұстатқан Жанболат көпті тәнті етті
Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира әлеуметтік желіге видео жүктеп, көпті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны Жазира Байырбекова Instagram-парақшасында жариялады. Кадрлардан эстрада әншілерінің Желіде тараған трендті түсіргенін көруге болады. Әнші Жанболат жұбайы Жазираның қолына гүл ұстатып, ары қарай кете береді.
"Нәзік жандылардың күлкісінен бақыт көру үшін, гүл беріп қуантып жүріңіздер", - деп жазған әнші.
View this post on Instagram
Эстрада әншілерінің бұл видеосы оқырмандарды тәнті етті.
"Жүрісінің өзі көркем ғой, Жазира ханым", "Қазақ қыздарының эталонысыз ғой", "Ағам мықты ғой", "Жастардың өзі қалып кетеді ғой, күшті", "Біздің братан сұлу жігіт қой, жеңгемді қалай сыйлау керегін біледі ғо", "Өте керемет жұпсыздар, әндеріңізді сүйіп тыңдаймыз, алла тіл көзден сақтасын, көбейе беріңіздер, халықтың алдында жарқырап жүре беріңіздер", "Жазира, өзіңіз ге бәрі жарасымды сондай сүйкімді көркем жансыз", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сырға той деген қандай той?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә