- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте ерсі қылық"....
"Өте ерсі қылық". Сахнада шетелдік әншінің қолын сүйген Сәкен Майғазиев қызу талқыға түсті
Желіде сахнада шет елдік әншінің қолын сүйген Сәкен Майғазиев қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Кадрлардан өнер иелерінің дайындық үстінде дуэт орындап жатқанын көруге болады.
Ал Желі қолданушылары әншінің іс-әрекетіне назар аударды.
"Үйбай, қолынан сүйгені несі? Қызғанып қалдық қой, аға", "Қолынан сүйгеніңіз дұрыс болмады, Сәкен аға", "Бөтен қыздың қолынан сүйгені несі", "Шет елдік әріптестерде солай қолын сүю зор құрмет болып саналады, өлеңін қазақ тілінде айтқаны үшін ризашылық білдірді", "Өнерді жан-жүрегімен сүйетін әнші үшін қолды сүйгеннің не әбестігі бар?! Даусы керемет екен", "Сәкен құрдас, неге сүйдің қолын? Бұл өте ерсі қылық, қазақта әйелдің қолын сүю деген жоқ", "Сәкен аға, дым жарасып тұрған жоқ, қыздың сөзі мүлдем түсініксіз", "Жеңгеміз қызғанбай ма екен?" - деп жазған олар.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Алакөл суының қандай емдік қасиеті бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә