Канаданың паспорты - әлемдегі ең қорғалған және құрметті құжаттардың бірі. Ал бұл құжаттың жаңартылған нұсқасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі саяхатшыларды тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Instagram-да Канаданың жаңа паспортының ерекшелігі көрсетілген видео пайда болды. Видеоның астына "Канадалық паспорт жарыққа жанады" деген жазба қалдырылған.

Бұл ролик Желіде жылдам тарап кетті және 7 миллионға жуық қаралым жинады.

Видеодан паспорттың парақтарын жасау кезінде ерекше технология қолданылғанын байқауға болады. Оған арнайы жарық түскен кезде олар жанады. Бұл әсер көпшілікті таңғалдырды: оны желі қолданушылары әдемі және ерекше санады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Паспорттағы жанатын суреттер оны әдемі етіп қана қоймай, сондай-ақ құжатты қорғаудың жоғары стандартын көрсетеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова