- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өте ауыр өлең...
"Өте ауыр өлең ғой". Сеул орталығында ән шырқаған қазақ баласы көпті тәнті етті
Желіде Корея астанасының орталығында ән шырқаған қазақ баласы көпті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақ баласы "Отан ана" әнін айтты.
"Достар, сәлем. Біз Кореяның Сеул қаласындағы Мендон көшесінде тұрмыз. Мен қазір "Отан ана" әнін айтамын", - дейді видеодағы қазақ баласы.
@takenskyyyy Ойыма түскен ән осы болды.Әнді дайындықсыз ютубтан тез іздеп қосып айттым😊 2 ән айттым екіншісі ағылшын тілінде.#takenskyyy #seoul #сеул #казахивкорее #seoultravel #дорама #sing #singing #отанана ♬ оригинальный звук - Takenskyyy
Бұған Желі қолданушылары тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.
"Дауысың қандай жағымды еді", "Жүректі айтпадың ба, бәрі дір ете қалатын еді", "Әу демейтін қазақ жоқ" деген осы шығар. Керемет", "Шетелде жүріп, отан туралы ән айтқан жақсы ғой", "Мен жастарға ризамын, бәрекелді, жарайсыңдар. Жүз тіл біліңдер және осылай өз тілдерің мен ұлттарыңды дәріптеп жүріңдер", "Керемет, міне, нағыз табиғи дауысы бар әнші", "Керемет, өте ауыр өлең ғой негізі", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ампер заңы қалай тұжырымдалады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә