Павлодарда көпқабатты үйден құлаған әйел қайтыс болды. Ол ауыр жарақаттар алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда түскен.
Павлодар қаласының бірінші қалалық ауруханасында әйел адам жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
"Өкінішке қарай, ол ауруханаға түскеннен кейін үш сағаттан соң қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, жедел жәрдем қызметіне 51 жастағы қала тұрғынының құлап кеткені туралы шақырту 13 ақпанда сағат 17.03-те түскен болатын. Дәрігерлер оқиға орнында төрт минуттан кейін болды. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен құлаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз