Танымал журналист, тележүргізуші Анна Данченко Желідегі парақшасында 2016 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған қазақстандық ауыратлет Вячеслав Ершовті еске алып, жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анна Данченко Вячеслав Ершовты жақсы танымағанымен, бірнеше рет сұхбат алғанда көзіне ақкөңіл, қарапайым болып көрінгенін жеткізді.
"Мен ол кісіні жақсы таныдым деп айта алмаймын. Бірнеше рет сұхбат жазып, бағдарлама түсіргенім болмаса..
Өте ақкөңіл, қарапайым ер азамат еді. Еліміздің намысын қорғаған спортшы.
Майя екеуі әдемі жұп еді. Екі балапандары бар.
Өте өкінішті. Небәрі 44 жаста еді.
Жатқан жері жайлы болсын!
Жақындарыңызды бағалаңыздар!", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Уақыт емші деген өтірік". Танымал журналист марқұм әкесін еске алғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Базалық гардеробта қандай киімдер болуы керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз