Отбасыңыз қай санатқа жатады? Қазақстанда жаңа калькулятор іске қосылды

Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалайтын ресми онлайн-калькулятор пайда болды. Оның көмегімен отбасыңыздың тұрмыс деңгейі бойынша қай санатқа жататынын және мемлекеттен жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алуға құқығы бар-жоғын білуге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әзірге отбасыңыздың қай санатқа жататынын есептеп, нақты мәліметті тек eGov mobile қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Онлайн-калькулятор не үшін әзірленді?

Қазақстанда жәрдемақы тағайындау тәртібі өзгеріп жатыр. Енді отбасылар тұрмыс деңгейіне қарай бес санаттың біріне – A, B, C, D немесе E тобына бөлінеді. Мемлекеттік көмектің тағайындалуы мен төлем мөлшері отбасының қай санатқа жататынына байланысты болады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндіруінше, мұндай жүйе мемлекеттік көмекті шынымен мұқтаж отбасыларға бағыттау үшін енгізіліп жатыр.

 Әл-ауқатты бағалау калькуляторы. eGov mobile қосымшасынан алынған скриншот

Жәрдемақы тағайындаудың жаңа тәртібі Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!