- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Отбасының шырқын бұзған...
Отбасының шырқын бұзған 300-ден аса агрессор қамауға алынды
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елімізде отбасының шырқын бұзған 300-ден аса агрессор қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі Наурыз мейрамы қарсаңында және ол аяқталғаннан кейін "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Нәтижесінде 61 мыңнан аса құқық бұзушылық анықталған.
"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 18 мың адам жауапқа тартылды.Уақытша бейімдеу орталықтары мен медициналық айықтырғыштарға 5 мың адам жеткізілді. Көшеде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта болған 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала анықталды. Олардың ата-анасына қатаң ескерту жасалды", - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен онлайн брифингте.
Ресми өкіл іс-шара аясында көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілгенін атап өтті.
"29 мың жалдамалы пәтерді, полиция есебінде тұрған, шартты түрде сотталған 74 мың адам тексерілді. Әкімшілік қадағалауды бұзудың 90 фактісі анықталды. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендер қамауға алынды. Қорғау нұсқамасына қарамастан, отбасында зорлық-зомбылық жасаған 337 агрессор қамауға алынды", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz