Танымал журналист Анна Данченко жақында тұрмысқа шыққан "Бір болайық" бағдарламасының қатысушысы Балназымның ата-анасынан берік отбасы болудың сырын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балназымның ұзату тойында журналист Балназымның ата-анасына бірнеше сұрақ қойып, сұқбат алған. Отасқандарына 35 жыл болған жұп берік отбасы болудың сырын айтты.
"Өмірде бәрі жеңіл болмайды. Махаббат болса бәрін кешіруге болады. Әр сынақтан бірге өту керек. Сонда ғана отбасы әрі қарай нығая түседі", - дейді Балназымның анасы.
Ал Анна Данченконың "Отбасының берік болуы әйелге байланысты ма, ер-азаматқа байланысты ма?" деген сұрағына Балназымның әкесі жауап берді.
"Ер жігітті таңдайтын әйел болғандықтан бәрі ер-азаматтың ынтасына байланысты. Берік отбасын құру үшін әйел жақтан да түсіністік қажет. Дегенмен де алғашқы кезеңдерде көп нәрсе еркектің ынтасына байланысты деп ойлаймын", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз